Accessibility links

АҚШ Нью-Йорктегі террорлық шабуылдың 22 жылдығын атап өтті


Дүйсенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 11 қыркүйектегі терактінің 22 жылдығына байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдеме мәтінін "Америка дауысының" Орыс қызметі жариялады.

"Еліміздің тарихындағы ең трагедиялы теракті кезінде, 2001 жылы 11 қыркүйекте террористер қолынан үш мыңға жуық адам өліп, алты мыңнан астам адам жараланды. Бүгінде біз Нью-Йоркте, Арлингтонда (Вирджиния штаты) мен Шанксвилде (Пенсильвания штаты) қаза болғандарды отбасы, туған-туыстарымызбен бірге еске аламыз,- деп жазылған мемлекеттік департамент сайтында жарияланған Блинкеннің үндеуінде.

2001 жылы 11 қыркүйекте террористер бірнеше ұшақты басып алып, Дүниежүзілік сауда орталығы мен Пентагонға соққан, тағы бірі Пенсильвания штатындағы далаға құлаған.

"11 жылдан кейін тура сол күні - 11 қыркүйекте Бенгазиде (Ливия) террорлық шабуыл жасалды, өлгендер арасында АҚШ мемлекеттік департаментінің қызметкерлері де болды" дейді Блинкен мәлімдемесінде.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG