Accessibility links

Ливиядағы су апатынан екі мыңға жуық адам қаза тауып, мыңдаған адам жоғалған


Ливия, 11 қыркүйек, 2023 жыл

Жексенбі, 10 қыркүйекте Ливияда "Даниэль" деп аталатын алапат дауыл тұрып, екі мыңға жуық адам өлген, мыңдаған адам жоғалып кеткен. Бұл жөнінде Ливия ақпаратына сілтеген CNN телеарнасы хабарлады.

Бәрінен көбірек Дерна қаласы қираған. Алапат дауыл қаланы қоршап тұрған екі су бөгетін бұзып, қаланы су алған. Дернаның алты мыңға жуық адамы хабар-ошарсыз кеткен. Ливияның денсаулық сақтау министрі Осман Әбдужәлил қаланың кейбір тұстарын "үрейлі үйінді" деп сипаттаған.

"Әлі күнге үйінен шыға алмай отырған отбасылар бар. Қираған үй астында қалғандар қаншама… Көптеген адамды тасқын су теңізге шайып кеткен болуы мүмкін" дейді Әбдужәлил.

Дауыл жағалаудағы Жабал әл-Ахдар, Дерна және Бенгази қалаларына соққан. Тасқын су тұрғын үй орамдарын шайып, елдің шығысындағы қалалардың көптеген үйлерін жермек жексен еткен. Ливия билігі Киренаика провинциясының үш ауданын апат аймағы деп жариялап, халықаралық деңгейде жәрдем сұраған.

Өткен аптада теңіз дауылы Грекияға, Түркия мен Болгарияға жетіп, ондаған адам қаза тапқан еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG