Accessibility links

Берік Уәли Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып қайта тағайындалды


Берік Уәли
Берік Уәли

Қазақстан президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли осы қызметке қайта тағайындалды, деп хабарлады Ақорда. Ол президенттің кеңесшісі қызметін қоса атқарады.

6 қыркүйекте президенттің баспасөз хатшысы қызметіне келген Нұрмұхамед Байғараев 11 қыркүйекте "денсаулық жағдайына байланысты" қызметінен кеткен еді.

Берік Уәли президенттің баспасөз хатшысы қызметін 2019 жылдың наурыз айынан бері яғни, Тоқаев президент болған күннен бастап атқарған. 2022 жылы наурызда Уәли мемлекеттік "Хабар" телеарнасы басқармасының төрағасы қызметіне келген. Ол кезде президенттің баспасөз хатшысы болып Руслан Желдібай тағайындалған. Желдібай жуырда президенттің ішкі саясат және коммуникация жөніндегі көмекшісі болды.

XS
SM
MD
LG