АҚШ-тың өкілдер палатасы ел президенті Джо Байденге қарсы зерттеу бастамақшы, президентке импичмент жариялау-жарияламау мәселесі соның нәтижесіне қарай анықталады. Бұл жөнінде палата спикері, республикашыл Кевин Маккарти мәлімдеді.
Маккартидің айтуынша, зерттеу "билікті асыра пайдалану, сотқа кедергі келтіру және жемқорлық" бойынша күдіктерге қатысты. Ол заң шығару органдарының комитеттеріне зерттеу жөнінде тапсырма бергенін айтты. Маккартидің айтуынша, мемлекет басшысынан күдіктенуге айтарлықтай негіз бар.
BBC сайтының жазуынша, Республика партиясының мүшелері президент-демократтың 2023 жылдың қаңтар айынан бастап өкілдер палатасын бақылауға алғаннан кейінгі әрекетін зерттемек. Атап айтқанда, зерттеу Байденнің ұлы Хантерге байланысты болмақ. Қазір федералдық тергеу Хантер Байденнің "ықтимал салық түсімдеріне қатысты қылмысын" зерттеп жатыр.
Президент әкімшілігі Байденге қарсы зерттеу басталғаны туралы ақпарат шыққаннан кейін республикашылдар ешқандай айғақ көрсетілмегенін мәлімдеді.
"Экстремал саясаттың ең нашар көрінісі" деді Ақ үйдің өкілі Ян Сэмс.
Бұл зерттеу президент сайлауы алдында басталып жатыр. Джо Байден келесі президент сайлауына қайта түсетінін мәлімдеген.
Алайда Reuters агенттігі қазіргі президент-демократқа импичмент жариялау екіталай дейді. Себебі өкілдер палатасы оған қарсы дауыс бергенімен, сенатта басым көпшілік болып отырған демократтар жобаны мақұлдамайды.