Бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазір мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектеп тапшылығы мәселесін шешуді көздейтін заң жобасы дайындалғанын мәлімдеді.
Депутат заң жобасы жайлы Астана мен Көкшетауда оқушылар мектепке сыймай тапталып қалған оқиғалар болған тұста айтып отыр.
"Біз заң жобасын дайындап, үкіметке жолдап қойдық. Заң жобасында дайын мектебі, балабақшасы және әлеуметтік инфраструктурасы жоқ жерге көппәтерлі ұйлер салуға рұқсат бермеу қарастырылған" деді депутат мәжіліс кулуарында.
Аймағамбетов көпқабатты үйлер жаппай салынып жатқан жерлерле балалар үш ауысымда оқып жатқанын айтады.
"Мұндай көпқабатты тұрғын үйлерді салуға рұқсат берген кезде, әкімдіктің осындай айқын нәрселерді ескермегеніне балалар кінәлі емес" деді депутат.
Кейінгі жылдары Қазақстанда мектеп тапшылығы мәселеге айналды. Оқу жылының басында интернетте оқушылардың дәлізге сыймай тапталып қалған екі видео тараған. Оның бірі Астанада, тағы бірі Көкшетау қаласында болған.
Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, Қазақстанда биыл 270 оқушыға орын жетпейді.
ПІКІРЛЕР