Алматыда Татьяна Навканың (Ресей президенті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың әйелі) мұздағы шоуына билеттер сатылымы тоқтатылғаны айтылды. Бұл туралы Азаттыққа Алматы әкімдігінен білді.
"Концертті өткізу я өткізбеу мәселесі шара өтуі тиіс "Алматы Арена" кешенінің әкімшілігі мен Татьяна Навканың агентінің құзырында. Дегенмен "Алматы арена" кешенінің концерттің бөлімінің ақпаратынша, ұйымдастырушылар концертті өтпейтінін жарияламақ" деді әкімдік.
Әкімдіктегілер билет сатылымы тоқтатылғанын да айтты.
Бұған дейін Алматыда Татьяна Навканың "Шахерезаданың махаббаты хикаясы" атты шоуы өтетіні хабарланған еді. Бұл шоуға қазақстандықтар желіде қарсылық білдірген.
Путиннің баспасөз хатшысы Песковтың әйелі Навка 2022 жылдан бері Еуропа одағының, Ұлыбританияның, Канаданың, Швейцарияның, Австралияның және басқа да батыс елдерінің санкциясын ілінген.
Кеше, 14 қыркүйекте ресейлік "Камызяки" әзілкештер командасының Астана мен Алматыдағы концерті өтпейтіні белгілі болды. Қазақстандықтар желіде "Камызяки" тобындағы әзілкештер Азамат Мұсағалиев пен Денис Дорохов оккупацияланған Донбасс аймағына барып концерт қойғанын айтып, концертке қарсы шыққан.
Осыған дейін Қазақстан Ресей әртістері Полина Гагаринаның Астанада, Григорий Лепстің Қонаевта, Лариса Долинаның Қарағандыда жоспарланған концерттеріне тыйым салған. Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдаған бұл әртістерді қоғамда "Z-әншілер" деп атау үрдісі пайда болған.
ПІКІРЛЕР