Accessibility links

Ресей қорғаныс министрлігі украин дрондарын атып түсіргенін хабарлады


16 қыркүйекке қараған түні Ресей тағы екі дронды атып түсірді, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.

"Әуе қорғаныс құралдары Калуга және Тверь облыстары аумағында украиналық ұшқышсыз аппараттарды жойды" деп жазылған ведомствоның Telegram арнасындағы хабарламада.

Ресей қорғаныс министрлігінің айтуынша, ұшақ тектес екі дрон Ресейдегі нысандарға "террористік шабуыл" жасауға тырысқан.

Украина Ресей ведомствосының мәлімдемесіне реакция білдірген жоқ.

  • РБК басылымының есебінше, 2022 жылдың ақпан айынан бері бір жарым жыл ішінде Ресей билігі дрондар шабуылы туралы 500-ден астам рет хабарлаған. 110 мәлімдемеде зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы айтылған.
  • Аймақ билігі дрондар Украин жағынан жіберілгенін айтады. Киев хабарламаға түсініктеме берген жоқ.
XS
SM
MD
LG