Accessibility links

Axios: АҚШ Украинаға ATACMS ракеталарын беретінін Зеленскийдің сапары кезінде жарияламайды


ATACMS ракетасының ұшырылуы.
ATACMS ракетасының ұшырылуы.

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Украинаға ATACMS ракеталарын жеткізетінін Владимир Зеленскийдің сапары кезінде жарияламайды. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген Axios басылымы жазды. Бұған дейін Украина басшысы Вашингтонға 21 қыркүйекте баратыны белгілі болған.

Бұған дейін Америка ақпарат құралдары дереккөздерге сүйене отырып, Байден әкімшілігі Украинаға алысқа ұшатын ATACMS ракеталарын беру туралы шешім қабылдайын деп отыр деп жазған. Axios дереккөзінің хабарлауынша, Киев бұл ниетін Байден келесі аптада хабарлайды деп үміттенген.

Вашингтонға сапары кезінде Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ Конгресінде сөйлейді. Мұны Ақ үйдің кеңесшісі Джейк Салливан журналистердің брифингісінде растады.

"Европейская правда" басылымының жазуынша, АҚШ пен Германия Украинаға алысқа ұшатын ATACMS мен немістің Taurus ракеталарын беру мәселесін талқылап жатыр. Бірақ мұнда "бірқатар нәзік мәселелер бар". Бұл жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок арасындағы келіссөзден кейін өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Бербоктың айтуынша, мұндай ракеталар Ресей аумағындағы нысандарға соққы жасауда пайдаланыла ма, жоқ па, бұл мәселе жиында талқыланбаған.

  • ATACMS ракеталары 300 шақырымға дейін ұша алады. Бұл Украинаға майдан сызығынан алыс аумақта орналасқан (аннексияланған Қырым да бар) Ресей әскеріне соққы жасауға мүмкіндік береді. Бұған дейін Вашингтон Украинаға ATACMS ракеталарын беруден бас тартқан, себебі бұл жағдайды онан әрі ушықтыруы мүмкін деп қауіптенген. АҚШ бұған қоса мұндай ракеталардың шектеулі санына байланысты да Киевке аталған соғыс құралдарын бермеген.
  • 2023 жылы Ұлыбритания мен Франция Украинаға Storm Shadow ракеталарын берген. Ракета 250 шақырымға дейін ұша алады. Украина оны Ресей жаулап алған Украина аумағына қолданған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG