Accessibility links

Ресей нөмірін таққан көліктерді Польша да кіргізбеуге бекінді


EUROPE-MIGRANTS/BELARUS-POLAND
EUROPE-MIGRANTS/BELARUS-POLAND

Польша Ресейде тіркелген автокөліктерді 17 қыркүйектен бастап өткізбейді.

"Польшаға Ресейдің бірде-бір автокөлігі кірмейді. Коммерциялық көлік болса да, жеке мақсатта пайдаланылатын көлік болса да бәрібір", - деді Польшаның ішкі істер министрі Мариуш Каминьский.

Министрдің сөзінше, Ресей нөмірі тағылған автокөлікті қай елдің азаматы мініп жүрсе де талап өзгермейді.

Бұған дейін Финляндия, Латвия, Эстония мен Литва Ресей көліктеріне тыйым салған. Вильнюс Ресейдің Калининград облысына қатынайтын көліктерге ғана рұқсат берген.

Польша - Ресеймен шектесетін және оның автокөліктеріне тыйым салған Еуропа одағы елдерінің соңғысы болды.

  • 8 қыркүйекте Еурокомиссия бұл санкцияның мазмұнын түсіндірген. Бұған қарағанда, Еуропа одағына мүше елдердің Ресейден келетін тауарларды - авткокөліктер мен өзге де жеке заттарды кіргізбеуге құқығы бар. Әзірге автокөліктерге көбірек назар аударылатыны ескертілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG