Accessibility links

НАТО бас хатшысы: Ресейдің Украинамен соғысы таяу арада аяқталмайды


НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг

Ресейдің Украинамен соғысы таяу уақытта аяқталмайды. Мұны НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Германияның Welt басылымына берген сұқбатында мәлімдеген.

Столтенбергтің сөзінше, әскери одақ мүшелерінің бәрі де тезірек бейбітшілік орнағанын қалайды, бірақ Украина күресін тоқтатса, ел ретінде жоғалады.

"Президент Вадимир Зеленский мен украиналықтар соғыспаса тәуелсіздігінен айрылатынын мойындауымыз керек. Егер президент Владимир Путин мен Ресей қаруын тастаса, онда бейбітшілік орнайды",- деген Столтенберг Украина ақыры түбі НАТО-ға қосылатынын айтты.

НАТО бас хатшысы әскери одақ Украинаны қанша қолдау керек болса, сонша қолдай береді деп бірнеше рет мәлімдеген.

Бұған дейін Financial Times газеті Батыс елдері келер жылдың ортасынан бастап Украина қарулы күштеріне оқ-дәрі беруді күрт күшейте бастайды деп жазған.

Ресей Украинаға қару бергені үшін НАТО елдеріне наразылық нотасын жолдаған. Ресей сыртқы істер министрлігі "Батыс қару-жарақ беріп, украин әскери қызметкерлерін оқытып, соғысқа Украина жағында тікелей араласып отыр" деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG