Accessibility links

Балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионы атанды. Бұл алтынды Қазақстан 25 жыл күтті


Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан Белградтағы әлем чемпионатында (Суретті түсірген Шамкен Байырбек).
Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан Белградтағы әлем чемпионатында (Суретті түсірген Шамкен Байырбек).

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 92 келіде әлем чемпионы атанды. Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем біріншілігінде Ризабек финалда әзербайжандық Осман Нурмагомевті жеңді.

Қазақ балуаны ширек финалда екі дүркін Еуропа чемпионы түрік Фейзулла Ақтүрікті, жартылай финалда грузин Мириан Майсурадзені оңай жеңіп финалға шыққан.

Бұл алтынды Қазақстан 25 жыл күтті. 1999 жылдан бері қазақ балуандарының біразы финалға дейін жетіп, алтын ала алмай жүрген еді. 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында қазақстандық үш балуан финалда жеңіліп қалған.

Сондай-ақ Ризабек Айтмұхан – еркін күрестен әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ. Бұған дейін Қазақстан тек грек-рим күресінен алтын алған еді.

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Азамат Дәулетбеков еркін күрестен 86 келіде қола медаль иеленіп, 2024 жылы Париж олимпиадасына жолдама алды.

  • Қазақстаннан соңғы рет 1999 жылы күрес түрлерінен әлем чемпионы шыққан. Ол кезде грек-рим күресінен Мхитяр Манукян алтын медаль иеленген еді.
  • Ризабек Айтмұхан күресетін 92 келі олимпиада бағдарламасына енбейді, ал Дәулетбеков белдесетін 86 келі олимпиада бағдарламасына енген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG