Accessibility links

Зеленский БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа барды


Владимир Зеленский
Владимир Зеленский

Украина президенті БҰҰ Бас ассамблеясының 78-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барды.

Ол осы сапарында АҚШ президенті Джо Байденмен, конгрестің екі палатасының төрағаларымен және жоғары лауазымды әскери қолбасшылармен кездеседі. Мұны батыс ақпарат агенттіктері хабарлады.

Зеленский әуежайдан түсісімен АҚШ-та емделіп жатқан украин әскери қызметкерлерімен кездесуге кеткен. Ол жөнінде өзінің телеграм арнасына жазған.

Украина жетекшісі БҰҰ Жарғысының "күшін толық қалпына келтіру қажеттігін" мәлімдеген. Оның сөзінше, бұл құжаттың негізгі мәні - мемлекеттің аумақтық тұтастығы болуға тиіс. Дүниежүзілік ұйымның "агрессияның алдын алу және тоқтату мүмкіндіктерін ұлғайту қажет" деген Зеленскийдің сөзін "Неміс толқыны" таратты.

Зеленский бұл жөнінде Украина "БҰҰ мүшелеріне нақты ұсыныс жасайтынын" хабарлаған.

Зеленскийдің Нью-Йоркке келгенін Ақүй де растады.

Украина президенті Бразилия президентімен және Израиль премьер-министрімен кездесуі мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG