Осы жолы АҚШ Украинаға 325 миллион доллардың кезекті әскери көмегін бермек. Бұл ақпаратты Ақ үйдегі дереккөзіне сүйеніп, "Америка дауысы" хабарлады.
Бұл жолғы әскери көмектің арасында кассеталық оқ-дәрілердің екінші траншы болады деген АҚШ президентінің әкімшілігіндегі дереккөз. Оның айтуынша, бейсенбіде АҚШ пен Украина президенттері Нью-Йоркте кездескенде өзге де қорғаныс құралдары жайлы да айтылады. Бірақ ATACMS зымырандары жөнінде сөз болмайтынға ұқсайды.
Калибрі 155 миллиметрлік кассеталық оқ-дәрілердің алғашқы партиясын Украина 2023 жылдың шілдесінде алған. 72 бомбаға дейін көтере алатын бұл артиллерия снарядтары 18 миль (29 шақырымға) қашыққа дейін жетеді.
Дереккөздің сөзінше, Вашингтон бұған қосымша Украинаға жақын қашықтағы нысананы жоятын Avenger әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін де беруді жоспарлап отыр.
Укринаға берілетін әскери көмектің ішінде танкіге қарсы қолданылатын TOW мен AT4 кешендері, HIMARS артиллериялық жүйесі, танкіні жоюға арналған Javelin зымырандары мен басқа да соғыс техникалары бар.
ПІКІРЛЕР