Accessibility links

Иранда Шах Черах кесенесінде теракт жасады деп айыпталған тәжік азаматы өлім жазасына кесілді


Тәжікстан азаматы Рахматулла Наурызов.
Тәжікстан азаматы Рахматулла Наурызов.

Иран билігі Тәжікстан азаматы Рахматулла Наурызовты өлім жазасына кесті. Оған 13 тамызда Шах Черах кесенесінде теракт жасады деген айып тағылған.

Шираздағы кесенеге жасалған шабуылдан екі адам қаза болып, жеті адам жараланған. Шах Черах кесенесі Иранда шейіттер үшін ең қасиетті саналатын бес орынның бірі.

Фарс провинциясының бас прокурорының «Мизан» агенттігіне хабарлауынша, «Мұстафа Исломер» лақап атымен танымал Рахматулла Наурызов «екі рет өлім жазасына кесілген».

Оның айтуынша, тергеу кезінде күдікті «Ислам мемлекеті» террористік тобына мүше екенін мойындаған.

Тәжікстан құқық қорғау органдары осы мәліметке қатысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Мусавидің айтуынша, осы іс аясында тағы бірнеше адам бес жылға сотталған, өйткені «олар қылмыскердің жоспарын білген».

Иранның құқық қорғаушылары үкімнің негізсіз екенін мәлімдеп, ұсталғандар азапталғанын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG