Accessibility links

Украинада "Ресей" мен "Мәскеу" сөзін ресми түрде кіші әріппен жазуға рұқсат етілді


Украин тілі стандарты жөніндегі ұлттық комиссия "Ресей", "Ресей Федерациясы", "Ресей империясы", "Мәскеу" сөздерін және осы ұғымдарға қатысты басқа да сөздерді кіші әріппен жазуға рұқсат берді. Енді бұлай жазу "ережеден ауытқу" деп танылмайды, алайда бұл әзірге "бейресми сипаттағы" мәтіндерге қатысты болып тұр.

Комиссия бұл шешім "украин халқының мемлекет тәуелсіздігі үшін батыл күресін ескере отырып" қабылданды деді.

Бұған дейін Украина вице-премьері Ирина Верещук украин тілі стандарты жөніндегі ұлттық комиссияны "украиндердің бәрі істеп жүрген істі рәсімдеуге" шақырған.

XS
SM
MD
LG