Accessibility links

Еревандағы наразылық акциясы кезінде 80-нен астам адам ұсталды


Еревандағы наразылық.
Еревандағы наразылық.

22 қыркүйекте Еревандағы наразылық акциясы кезінде 80-нен астам адам ұсталды. Демонстранттар үкімет жетекшісі Никол Пашинянның отставкасын талап етті. Олар үкімет ғимаратына кіре беріс жолды жауып, ол жаққа шенеуніктер мен депутаттарды кіргізбеуге тырысты.

Ұсталғандар арасында Арменияның екінші президентінің ұлы Левон Кочарян да болды. Оның адвокатының хабарлауынша, ұстау кезінде Кочарянды полицейлер ұрып-соққан. Оны ауруханаға алып кеткен. Бұған қоса, наразылық жетекшілерінің бірі, бұрынғы оппозициялық депутат Андраник Теванян ұсталған. Оны полиция бөлімінен босатып жіберген.

Еревандағы наразылықтың жалғасып жатқанына төрт күн болды. Ол Армения үкіметі Таулы Қарабақ бойынша Әзербайжан шартына келіскеннен кейін басталған. Келісімге сәйкес, мойындалмаған республика автономия мәртебесінен айырылып, Әзербайжанның толық бақылауына өтеді.

Наразылар премьер-министр Никол Пашинянның отставкасы мен Таулы Қарабаққа әскери және гуманитарлық көмек беруді талап етіп отыр.

Бір күн бұрын оппозиция митингісі кезінде оппозиция Ереван көшелерін бұғаттап, Пашинян биліктен кеткенше ашпауға шақырған.

Наразылық акциясына студенттер мен көптеген жоғары оқу орын оқытушылары да қосылды.

XS
SM
MD
LG