Accessibility links

Зеленский Канада парламентінде сөз сөйледі. Оттава Украинаға Leopard танкілерін уәде етті


Украина президенті Владимир Зеленский және Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, 22 қыркүйек 2023 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский және Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, 22 қыркүйек 2023 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский 22 қыркүйекте Канадаға барды. Оны премьер-министр Джастин Трюда қарсы алды, Зеленский канада парламентінде сөз сөйледі.

"Украина халқы өз үйлерін, өз ана тілі мен еркіндігін, болашақты таңдау мүмкіндігін қорғады. Олардың батырлығы әлемді тамсандырды, оларға ұлы демократия күрескері президент Зеленский жетекшілік етті" деді Трюдо. Оның сөзінен "Америка дауысы" үзінді келтіреді.

Трюдо Канада "Украинаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша 650 млн канадалық доллар (482 млн АҚШ доллары) көлемінде қаржылай міндетті ұзақ жылға мойнына алады" деді.

Осы қаражат аясында Канада Украинаға Leopard танкілерін жеткізеді, одақтастар берген танктерге техникалық қызмет көрсетеді. Трюдо сонымен бірге Канада үкіметі Украинаға F-16 оқу-жаттығу ұшақтарын жеткізетінін мәлімдеді.

Канада жетекшісі сонымен қатар Ресейге жаңа санкция салатынын айтты.

"Демократия құндылықтарын қорғау деңгейімізге қарай тарих бізге баға береді, ал Украина осы күрестің қайнаған ортасында тұр" деді Трюдо.

Владимир Зеленский сөзінің басында канадалықтарға алғыс білдіріп, украиналықтар әрдайым "Канадада өз үйлеріндей сезінеді" деді.

"Бұл соғыста геноцид емес, Украина жеңеді. Кремль емес, халық жеңеді. Еркіндік жеңеді. Әділдік жеңеді. Өздеріңізге сенгендей бізге де сенімді болыңыздар. Себебі әрқайсымыз зұлымдыққа бағынбайтынымызды жақсы білеміз" деді Владимир Зеленский.

XS
SM
MD
LG