Accessibility links

Өзбекстанда ондаған бала ауруханаға түсті. Олардан улану белгілері байқалған


Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің ғимараты.
Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің ғимараты.

Өзбекстанның Наманган облысында улану белгілері бар 70-тен астам бала ауруханаға түсті. Денсаулық сақтау министрлігі 22 қыркүйекте балалардың жағдайы орташа екенін хабарлады. Жағдайы жақсарған он балаға үйлеріне қайтуға рұқсат берген.

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың неден уланғанын айтпады. Зертхана жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

"Барлық бала стандартқа сай емделіп жатыр. Түпкілікті диагнозын анықтау үшін талапқа сәйкес сынақ үлгілері алынып жатыр" деп жазылған хабарламада.

Хабарламада министрік оқиғаны "қатаң бақылауға алғанын" жазды.

Бұған дейін ведомство өкілдері Чуст ауданындағы 9 балабақша мен екі орта мектептің балалары ауруханаға түскенін хабарлаған. Олардан улану белгілері байқалған.

Әлеуметтік желіде балалар йод немесе "Анструмин" препаратынан улануы мүмкін деген болжам айтылып жатыр. Кей қолданушылар көрші Әндіжан мен Қоқанда да бірнеше бала уланып қалғанын жазды. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмады. Денсаулық сақтау министрлігі ресми хабарламасында ақпаратқа түсініктеме бермеген.

Бас прокуратура оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастады.

XS
SM
MD
LG