Accessibility links

"Біз Арменияны тоқтатып тастаймыз". Армян оппозициясы жаппай митингіге шығатынын хабарлады


Еревандағы митингі. Армения, 24 қыркүйек, 2023
Еревандағы митингі. Армения, 24 қыркүйек, 2023

Арменияның оппозициялық күштері 25 қыркүйекте таңғы сағат сегізден бастап жаппай қарсылық акциясына шықпақ.

"Қаланы тоқтатып тастаймыз. Үш күн ішінде бүкіл Армения тоқтайтын болады. Биліктің тірегі полиция ғана", – деп мәлімдеді алты күннен бері Ереван алаңында өтіп жатқан митингі кезінде ұлттық комитет мүшесі Вазген Манукян. Ол наразыларды көшеге шығуға шақырған.

"Көшеге шығып, билік біздің алдымызда тізе бүккенге дейін қарсылық білдіруіміз керек", - деді оппозициялық "Айастан" фракциясының депутаты Ишхан Сагателян.

Жексенбі күні армян оппозициясының өкілдері кезекті митингі өткізіп, Таулы Қарабаққа байланысты саясаты үшін премьер-министр Никола Пашиняннан қызметтен кетуді талап еткен.

Өткен аптада Әзербайжанның жылдам әскери операциясынан кейін ешбір мемлекет мойындамаған, 30 жылға жуық өмір сүрген "Таулы Қарабақ республикасының" армян басшылары тізе бүккен.

Армения билігі "Таулы Қарабақтағы бітімгерлік күштерін болған оқиғаға араластырмады" деп Ресейді жанама түрде айыптаған.

Армян билігі "Қарабақтағы армяндарға көмек көрсетпеді, ұлттық мүддемізді сатты" деп премьер-министр Никола Пашинянды кінәлаған және Таулы Қарабақта этникалық қуғын-сүргін жүруі мүмкін деп қауіптенген. Акция кезінде Мәскеуге де сын айтылған.

Митингі кезінде полициямен қақтығыс болған. Билік жүздеген адамды қамаған, оның 49-ын қылмыстық іс бойынша күдікті деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG