Accessibility links

Дрон шабуылы қаупіне байланысты жексенбі кешке Мәскеу әуежайлары жабылды


Домодедово әуежайы
Домодедово әуежайы

Жексенбі кешке Украина дрондары шабуыл жасауы мүмкін деген қауіпке байланысты Мәскеу әуежайлары уақытша жабылған.

"Внуково әуежайына жергілікті уақытпен 22:26-да уақытша шектеу қойылды" деп хабарлайды "Мәскеу" агенттігі. Шамамен сол уақытта Домодедово әуежайы да жұмысын шектеген. Шереметьево әуежайында да бірнеше рейс кідірген. Әуежайлар 25 қыркүйекте түнде қайта іске қосылған.

Себебі ресми түрде айтылмаған. Бірақ әдетте мұндай шектеулер Мәскеуге камикадзе дрондар шабуыл жасағанда енгізіліп жүрген.

Тула облысының үкіметі дрон атып құлатылғанын хабарлаған. Бұған дейін бұл облыста әуе кеңістігі жабылған. Жексенбі күні түстен кейін Ресей қорғаныс министрлігі Брянск облысында "ұшақ тәрізді дрон" атып түсірілгенін мәлімдеген. Аннексияланған Қырымның Севастополь аймағында Ресей әуе қорғанысы жұмыс істегенін куәлер хабарлаған.

  • 2022 жылы Ресей Украинаға басып кірген соң халықаралық әуе компаниялары Украинаға ұшуды доғарған. Азия, Беларусь, Түркия әуе компаниялары Мәскеуге дрон шабуылдап жүргеніне қарамастан Ресейге ұшып жүр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG