Accessibility links

Петербург түбіндегі фин солдаттарына қойылған құлпытас жоғалған


Фин солдаттарына арналған монумент
Фин солдаттарына арналған монумент

Ресейдің Ленинград облысында тұрған, совет-фин соғысы кезінде және Екінші дүниежүзілік соғыста өлген фин солдаттарына арналған құлпытас ұшты-күйлі жоғалған. Жергілікті билік құлпытас қайда "жоғалғанын" білмейді. Мұны Ресейдің "Фонтанка" сайты хабарлады.

Мемориал лютеран шіркеуінің алдында тұрған. Тік тұрған мәрмәр тасқа Приозерск қаласынан соғысқа кетіп, майданда өлген фин солдаттарының аты-жөні қашап жазылған. 1940 жылы совет өкіметі басып алғанға дейін Приозерск Финляндия құрамында болған, Кякисалми немесе Кексгольм деп аталған.

Приозерск тұрғындары ескерткіштің жоғалғанын қала басшысы Александр Соклаковқа хабарлаған, бірақ қала әкімшілігі ескерткіш үшін жауап бермейтінін, қайда екенін білмейтінін айтқан.

Украинаға басқыншылығынан кейін Батыспен ара-қатынасы ушыққан соң Ресейдің жергілікті биліктері соғыс тұтқындары мен қуғын-сүргінге ұшыраған шетелдік әскери қызметкерлерге қойылған ескерткіштерді алып тастауға кіріскен. Оның ішінде Польша, Венгрия, бұрынғы Чехословакия жауынгерлеріне арналған ескерткіштер де бар.

Аталған елдер де өздеріндегі совет ескерткіштерін алып тастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG