Қырғызстан министрлер кеңесі астық пен ұнды экспорттауға алты айға тыйым салды. Бұл хабар қырғыз үкіметінің сайтына шыққан. Онысын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, базар бағасын тұрақтандыру деп атаған.
Кейінгі кездері Қырғызстанда сырттан келетін ұн едәуір қымбаттаған. Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, жеті ай ішінде импорт ұн бағасы екі есе өскен. Оған ілесе Қырғызстанның өз ұны да қымбаттаған.
Қырғыз үкіметінің уәжіне қарағанда, Қазақстаннан келетін ұн күрт азайған.
20 қыркүйекте Қырғызстан министрлер кабинеті азық-түлік қауіпсіздігі бойынша кеңесіп, "елде тапшылық жоқ, Қазақстаннан келетін ұн науқан қызған кездегі теміржолдағы кезек есебінен қымбаттаған" деген қорытындыға келген.
Қырғызстан БАҚ-тарының жазуына қарағанда, Қырғызстанға келетін ұнның 90 пайыздан астамы Қазақстан мен Ресейден импортталады.
ПІКІРЛЕР