Accessibility links

"Россия 1" телеарнасы "Калининград" деп Польша қаласын көрсеткен


Калининград
Калининград

"Россия 1" арнасының "Вести" бағдарламасында "батыс санкциясына қарамастан Калининград қаласы экономикасының дамып жатқаны" айтылған. Алайда жергілікті тұрғындар бағдарламадан көрсетілген қаланың – Калининград емес, поляктың Эльблонг қаласы екенін анықтаған.

Көрсетілген панорамадан католик храмы мен тұрғын үйлер көрінеді.

Сюжетті қаланы жақсы білетін калининградтағылар қызу талқылады.

"Видеокадрларды көріп, есімнен танып қалдым – Калининградта болған кезде мынаның бәрін қайда тығып тастаған деп ойлап отырмын" деп жазды бір қолданушы.

"Мәссаған, Владимир Владимирович кезінде Калининград қалай гүлденіп кеткен?" деп тағы бір қолданушы сықақтады.

"Ал мен ренжіп қалдым. Неге Эльблонг, неге Гданьск емес. Кельнді көрсетсе болар еді" деп жазды тағы бір қолданушы. "Бірден Нью-Йоркті көрсете салу керек еді" деді қолданушылардың бірі.

  • Ресейдің ресми ақпарат құралдары сюжеттерінде мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. 2016 жылы "Первый канал" тілшісі Иван Благой Германияда "13 жасар қызды мұсылман мигранты зорлады" деген фейк таратқан. Шын мәнінде ондай оқиға болмаған.
  • 2022 жылдың соңында Ресейдің мемлекеттік RT телеарнасы "Ресей Еуропаға газ тасымалдаудан бас тартқаннан кейін кедейлік пен аштықтың салдарынан еуропалықтар "үй жануарларын жей бастады" деген фейк таратқан". "НАТО елдері Украинаға көмектескеннен кейін Еуропаны кедейлік жайлай бастады" деген жалған ақпаратты да RT арнасы таратқан.
XS
SM
MD
LG