АҚШ Қытай сотының ұйғыр академигі Рахиль Дауытты өмір бойы түрмеге қамауын айыптады. АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мэтью Миллер 29 қыркүйек күнгі мәлімдемесінде сот үкімін айыптап, "ұйғыр мәдениеті мен дәстүрін сақтап, дамытқысы келген ұйғыр интеллигенциясы әділетсіз сотталып жатыр" деді. Бұл жөнінде Reuters жазды.
АҚШ-та шоғырланған адам құқығын ұйымының хабарлауынша, 57 жастағы Рахиль Дауыт 2018 жылы бірінші инстанцияда шыққан үкімге қатысты жуырда өткен апелляциялық сотта жеңілген. Рахильге "мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірді" деген айып тағылған.
Құқық қорғаушылар Қытайды ұйғыр және өзге түркітілдес халықтарды жаппай қуғындады деп айыптайды. Қытай айыпты жоққа шығарады.
ПІКІРЛЕР