АҚШ өкілдер палатасы үкіметтің жұмысын тоқтатпауға бағытталған уақытша бюджет туралы заң жобасын мақұлдады. Енді оған сенат дауыс беруі керек, одан кейін президентке қол қоюға жіберіледі.
Өкілдер палатасында құжатты 209 демократ, 126 республикашыл қолдады. 91 конгрессмен дауыс берді. Осылайша құжатты конгресмендердің үштен екісі қолдады.
Үкіметті қаржыландыру жобасы 45 күнге арналып есептелген. Оны өкілдер палатасының спикері республикашыл Кевин Маккарти ұсынған және оған Украинаға көмек кірмейді. Бұл Конгрестің төменгі палатасын бақылайтын консервативті республикашылдардың ұстанымымен байланысты. Сенатта демократтар басым көпшілік болып отыр.
Демократ президент Джо Байден әкімшілігінің өкілі "Ақ үй Маккарти ұсынған жобаны қабылдауы мүмкін, кейінірек Украинаға көмек қалпына келер" деп үміттенетінін жеткізді.
Қаржы министрі Джанет Йеллен жұма күні үкіметтің жартылай жабылуы ел экономикасына нұқсан келтіреді, себебі шағын бизнес, ана мен баланы қолдау бағдарламалары тоқтайды, ірі инфрақұрылым жобалары да кейінге шегеріледі деді.
Президент Джо Байден шатдаун қарулы күштерге ірі зиян келтіруі мүмкін деп ескертті.
Жаңа бюджет келісімінсіз Американың көптеген мемлекеттік қызметкерлері, әскери қызметкерлер, авиадиспетчерлер, балалар мекемесінің жұмысшылары ақысыз демалысқа жіберіледі, деп жазды BBC сайты.