Түркияда "Алтын апельсин" фестивалі өтпей қалды. Мұндай шешім 2016 жылғы төңкеріске талпыныстың салдары туралы "Жарлық" атты фильм байқаудан алынғаннан кейін қабылданған.
Анталья қаласының мэрі Мухитдин Бөжек "Алтын апельсин" фестивалінің өтпейтінін 29 қыркүйек кешке хабарлады.
Оның алдында 28 қыркүйекте Түркия мәдениет және туризм министрлігі бұл шараны қолдаудан бас тартқан. Министрлік 2016 жылы 15 шілдедегі төңкерістен кейін жұмыссыз қалған мұғалім мен дәрігердің басынан өткерген қиындықтарын бейнелейтін "Жарлық" фильміне қарсы болған.
Фильм байқаудан шығарылғаннан кейін әділқазылар алқасы және режиссерлер шешімге наразы болып, дағдарыс туындады. Нәтижесінде шара өтпей қалды.
ПІКІРЛЕР