Қыркүйекте РесейУкраинаға 503 "Шахид" дронын жіберген. Бұл - соғыс басталғалы Ресейдің ең көп дрон жіберген кезі деп есептейді Украинаның Defense Express ақпараттық-консалтинг компаниясы.
Украина әскері оның 396-сын, яғни 78%-ын атып түсірген, компания мұны "жоғары көрсеткіш" деп санайды. Қыркүйекте Украина аймақтарына 19 рет шабуыл жасаған. Екі рет қатарынан 44 дронмен шабуылдаған.
Компания есебінше, Ресейдің Ираннан "Шахид" дронын нақты қаншаға сатып алғаны белгісіз, бірақ олардың әрбірінің жалпы бағасы 20 мыңнан 40 мың долларға жетеді. Осылайша қыркүйек айында ғана Ресей дрон шабуылы үшін 20 миллион долларға дейін жұмсаған.
Украинаның дроннан қорғанысы да дрон бағасынан кем түспеген. Қыркүйекте 654 милион долларға тең келді деп болжайды Defense Express. Бұл есепке қарағанда, әрбір дрон үшін бір NASAMS зымыранын ұшырғанмен тең келеді.
ПІКІРЛЕР