Accessibility links

Медицина саласындағы Нобель сыйлығын РНҚ бойынша вакцина жасау әдісін ойлап тапқан ғалымдар алды


Каталин Карико (Венгрия) мен Дрю Вайсман (АҚШ).
Каталин Карико (Венгрия) мен Дрю Вайсман (АҚШ).

Физиология және медицина бойынша 2023 жылғы Нобель сыйлығы Каталин Карико (Венгрия) мен Дрю Вайсманға (АҚШ) берілді. Сыйлық иегерлерінің есімі бүгін, 2 қазанда Стокгольмда жарияланды.

Ғалымдардың жұмысы Covid-19 вирусына қарсы РНҚ негізінде вакцинаның жаңа түрін жасауға мүмкіндік берді. Жаңа технологияның арқасында Pfizer/ BioNTech және Moderna компаниялары COVID-19 вирусына қарсы вакцина ойлап тапты.

Нобель комитеті "бүкіл әлем COVID-19 пандемиясын бастан өткергенде, басқа эпидемияға үлкен қауіп төнген уақытта ғалымдардың жұмысы таптырмас ғылыми жаңалық деп танылды" деп мәлімдеді.

Карико мен Вайсман рибонуклейн қышқылы саласында 10 жылдан аса бірлесе зерттеу жүргізген. COVID-19 вакцинасын жасауға көмектескен жаңалықтары мен зерттеулері үшін 2021 жылы қыркүйекте өмір жөнінде ғылым саласы бойынша Breakthrough Prize сыйлығы мен үш миллион долларға ие болған.

Медицина саласындағы сыйлық — физика, химия, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланар аптада аталған алғашқы сыйлық болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG