Accessibility links

CNN: АҚШ Украинаға тәркіленген Иран қару-жарақтарын береді


АҚШ Украинаға тәркіленген мыңдаған қару-жарақ пен оқ-дәрі береді. Бұл жөнінде Америка шенеунігіне сүйенген CNN телеарнасы хабарлады.

Шенеуніктің айтуынша, бұл АҚШ пен одақтастарынан қосымша қару-жарақ пен техника күтіп отырған Украина әскеріне қару-жарақ тапшылығы мәселесінің бір бөлігін шешуге көмектеседі.

АҚШ қарулы күштері орталық басқармасының (CENTCOM) хабарлауынша, дүйсенбі күні Украинаға тәркіленген миллионнан астам иран оқ-дәрісі берілген. Басқарманың айтуынша, АҚШ үкіметі бұл оқ-дәріге меншік құқығын 2023 жылы 20 шілдеде әділет министрлігінің шағымы арқылы қол жеткізген.

Шілде айында АҚШ әділет министрлігі Америка әскері Иранда тәркілеген 9 мыңнан астам винтовка, 284 зеңбірек, 194 граната атқыш, 70-тен астам танк жоятын ракета және 700 мыңнан астам оқты тәркілеуге күш салып жатқанын айтқан.

CNN-ның мәліметінше, АҚШ президент әкімшілігі бірнеше айдан бері Украинаға АҚШ қарулы күштерінің Таяу Шығыстағы нысандарында жатқан қару-жарақты заңды беру жолын қарастырған.

Кейінгі жылы АҚШ теңіз-әскери күштері Йеменге қару-жарақ тасыған Иран пайдаланатын кемелерден мыңдаған ирандық автомат мен миллионнан астам патрон тәркілеген.

XS
SM
MD
LG