Accessibility links

Каратэден Нұржан Әжіқанов Азия ойындарының чемпионы болды


Нұрқанат Әжіқанов.
Нұрқанат Әжіқанов.

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында каратэ кумитеден Нұрқанат Әжіқанов 75 келіде чемпион атанды. Ол финалда иорданиялық Хасан Масаруэхті 8:0 есебімен уақыттан бұрын жеңді.

Ал әйелдер арасында 68 келіде Лаура Әлиқұл финалда қытай Ли Цяоцяодан жеңіліп, күміс медаль иеленді. Қазір Қазақстан 8 алтын, 13 күміс, 37 қоламен 11-орыннан 10-орынға көтерілді.

Ажықанов биыл 75 келіде Азия чемпионы атанған. 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Бүгін, 5 қазанда Қазақстан үш алтын иеленді. Бұған дейін велоспорттан Евгений Федоров, джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпионы атанған.

Жалпы есепте Қытай (175 алтын, 96 күміс, 53 қола) бірінші, Жапония (39-51-59) екінші, Оңтүстік Корея (33-46-73) үшінші орында келеді. Өзбекстан (16-16-22) бесінші, Қырғызстан (3-0-4) 18-орында, Тәжікстан (2-1-4) 23-орында тұр. Түркіменстан бір күміс, төрт қоламен 29-орында.

Азия ойындары 8 қазанда аяқталады. Жарыстың аяқталуына үш күн қалса да Қазақстанның алтын саны онға жетпеді. Бұған дейінгі Азия ойындарында Қазақстан кемі 15 алтын медаль алатын. Биылғы Азиадада Қазақстан 1994 жылдан бері алғаш рет жеңіл атлетикадан алтынсыз қалды. Сондай-ақ 2018 жылғы Азия ойындарында алтын алған дзюдошылар мен семсерлесушілер Қытайдағы жарыста алтын ала алмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG