Accessibility links

Ресей Украинаның Харьков облысындағы ауылға шабуылдап, кемі 50 адам қаза тапты


Харьков облысы Купянск ауданы Гроза ауылына жасалған шабуылдан қираған ғимарат. 5 қазан 2023 жыл.
Харьков облысы Купянск ауданы Гроза ауылына жасалған шабуылдан қираған ғимарат. 5 қазан 2023 жыл.

5 қазан түс ауа Харьков облысы Купянск ауданы Гроза ауылындағы кафе мен дүкенге жасалған шабуылдан 50адам қаза тапқан, оның біреуі алты жасар бала. Тағы жеті адам жараланған. Бұл туралы Украина бас прокуратурасының кеңсесі хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский телеграм-каналында шабуылға Ресей әскерін айыптап, шабуылды "саналы түрде жасалған теракт" деп атады.

"Ресейдің террор әрекеттерін тоқтату керек. Ресейдің санкцияны айналып өтуіне көмектесіп жатқандардың бәрі – қылмыскерлер. Ресейді әлі қолдап отырғандар – зұлымдықты қолдаушылар. Мұндай терактілер Ресейге өзінің геноцидтік агрессиясын нормаға айналдыру үшін керек. Бізді қолдаған әрбір лидерге, әрбір халыққа алғыс айтамын" деді Зеленский.

Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко "алдын ала ақпарат бойынша, шабуыл "Искандер" ракетасынан жасалуы мүмкін" деп жазды.

Ракета еске алу болып жатқан кафеге түскені хабарланды. Ал кафеде ауыл тұрғындарының біразы болған. Азаттықтың Орыс қызметінің жазуынша, Гроза ауылында 300 адам тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG