Accessibility links

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы ирандық құқық қорғаушы әйелге берілді


Ирандық құқық қорғаушы Наргиз Мохаммади Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын иеленді.

"Мохаммадиге Нобель сыйлығы Ирандағы әйелдердің құқығы, адам құқығы мен адамзаттың бостандығы үшін күрескен әрекеттеріне берілді" деп мәлімдеді Нобель сыйлығының комитеті.

Мохаммади 351 номинанттың арасынан таңдап алынған. Номинанттардың 259-ы – жеке тұлға, 92-сі – ұйым. Сыйлық ережесі бойынша, номинантты ұсынғандардың аты-жөні 50 жылдан кейін жарияланады. Бейбітшілік сыйлығына кандидаттарды ұсынушылар белгілі бір критерийлерге сай болуы тиіс. Тұлғалар сыйлыққа өзін ұсына алмайды.

Кейінгі сегіз жылда бейбітшілік сыйлығына 300-ден астам адам ұсынылған, 2016 жылы олардың саны 376-ға жетіп, рекорд болды.

Нобельдің өзге саладағы сыйлықтарынан айырмашылығы Бейбітшілік сыйлығы Норвегия емес, Швецияда тапсырылады. Марапаттау рәсімі 2023 жылы желтоқсанда өтеді.

Нобель сыйлығы алғаш рет 1901 жылы табысталған. 121 жыл ішінде сыйлық 110 адам мен 27 ұйымға табысталды. Лауреаттар арасында 18 әйел бар, ең жасы – 2014 жылы лауреат атанған 17 жастағы пәкістандық Малала Юсуфзай. Халықаралық Қызыл крест ұйымы Нобельдің Бейбітшілік сыйлығын үш рет иеленген

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG