Accessibility links

АҚШ Ресейге микросхема тасыған 40-тан астам Қытай компаниясына шектеу қойды


АҚШ тыйымды айналып өтіп, Ресейге микросхема тасыған ондаған Қытай компаниясымен саудаға шектеу қойды.

АҚШ сауда министрлігінің шешімі жөнінде "Америка дауысы" сайты жазды. Сайттың хабарлауынша, ведомство Ресейдің әскери-өнерекәсіп базасын қолдаған (оның ішінде Ресейдің қорғаныс секторына Американың микросхемасын тасыған) 42 қытай компаниясын экспорттық бақылау тізіміне енгізген.

АҚШ сауда министрлігінің хабарлауынша, мұндай микросхемаларды Батыс елдері Ресейге сатуға тыйым салған, себебі мұндай бөлшектер Украинаның азаматтық нысандарына соққы жасайтын ракета және ұшқышсыз аппаратттарда қолданылады. Мәскеу Украинаның азаматтық нысандарын соққылағанын мойындамайды.

Американың экспорттық бақылау тізіміне сонымен бірге Америка микросхемаларын Ресейге жеткізген Финляндия, Германия, Үндістан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Ұлыбританияның жеті компаниясы енген.

  • Батыс ақпарат құралдары Ресейдің Украинаға қарсы соғысында бейтараптық ұстанатынын айтып жүрген Қытай Мәскеуге әскери жабдықтар мен бөлшектер тасымалдағанын талай жазған. Қытай Ресейге әскери қолдау көрсеткенін мойындамайды.
XS
SM
MD
LG