Жексенбіде АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Пентагон "Джеральд Форд" ұшақ тасығышы мен "Норманди" крейсерін және әуеден соққы жасайтын бірнеше эсминецті Израильге жақындататынын хабарлады.
Израиль АҚШ-тан қосымша қару-жарақ пен оқ дәрі алып, "Темір күмбез" әуе қорғанысы күшейтеді. АҚШ Израильді қолдау мақсатымен осы өңірдегі әскери әуе базаларында тұрған жойғыш ұшақтарын көбейтеді.
"Әл-Жазира" телеарнасы Вашингтонның шаралары туралы Хамас террор тобының "ұшақ тасығышпен бізді қорқыта алмайды, Америка әкімшілігі бұл ісінің артын ойлауы керек" деген пікірін таратты.