Accessibility links

Экономика бойынша Нобель сыйлығы еңбек нарығындағы әйелдер туралы зерттеуге берілді


Claudia Goldin
Claudia Goldin

Экономика бойынша 2023 жылғы Нобель сыйлығы "еңбек нарығындағы әйел жағдайына арналған зерттеуі" үшін Америка экономисі Клаудия Голдинге берілді.

Халықтың жұмыспен қамтылуы мен кірісіндегі гендер өзгерісі қалай және неге өзгергенін көрсету үшін Голдин 200 жылдан бергі мәліметтерді жинаған. Оның зерттеуі еңбек нарығындағы гендер айырмашылығының себептерін түсіндіреді. Голдин зерттеуіне қарағанда, экономикалық өсім артқанымен, әйелдердің кірісі ұлғая бермейді.

Ғалымның зерттеуінше, ұрықтануға қарсы таблеткалар пайда болған соң әйелдердің карьера жасауына мүмкіндік көбейген.

"Голдинннің мақалалары өте қызық. Бұл - адам капиталының, яғни 20 ғасырдағы білім мен технологияның тарихы" деп жазды Ресей экономисі Константин Сонин 2020 жылы.

  • Экономика саласындағы Альфред Нобель сыйлығын 1968 жылы Швецияның орталық банкі белгілеген.
  • Нобель сыйлығының лауреаттарына алтын медаль, диплом және қаржылай сыйлық беріледі. Биылғы қаржысы шамамен 994 мың доллар. Сыйлықты үш адамға бөліп беруі де мүмкін, ал бейбітшілік сыйлығын бір топ адамға да береді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG