Accessibility links

Ұлының қазасын тексеруді сұраған әйелдің үндеуінен кейін президент Тоқаев полицияға тапсырма берді


Ақмола облысы Щучинск қаласы
Ақмола облысы Щучинск қаласы

Бүгін, 10 қазан күні Ақмола облысының полициясы Щучинск қаласында жұмбақ жағдайда қаза болған 19 жастағы студенттің өліміне байланысты екі бап бойынша қылмыстық істер қозғалғанын хабарлады. Енді бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге жеткізу") және 194-бабы ("Қорқытып алушылық") бойынша екі іс бойынша тергелетіні айтылған Polisia.kz сайтында жарияланған ақпаратта.

Сейсенбі күні таңертең Ақорданың баспасөз қызметі президент Тоқаевтың ішкі істер министріне Щучинск қаласындағы студенттің өлімін жан-жақты тексеруді тапсырғанын хабарлаған. Ақорда президенттің бұл істі ерекше бақылауға алғанын жазды.

9 қазанда Instagram желісіндегі "Тираж" парақшасы Роман Бодаговтың анасының президент Тоқаев пен ІІМ басшысына видеоүндеуін жариялады. Видеода жылап сөйлеген әйел ұлынан ақша бопсалаған қылмыстық топ барын, олар Романға психологиялық және физикалық қысым көрсеткенін айтып, баласының өліміне әділ тергеу жүргізуді сұрайды.

Өткен жұма күні Щучинскідегі темір жол өткелінде жергілікті Жоғары техникалық колледждің 4-курсында оқитын 19 жастағы Роман Бодагов өлі табылған. Полиция Қылмыстық кодекстің 344-бабының 2-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған темiржол жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша тергеу бастағанын хабарлаған еді. Бірақ марқұмның үй-іші Романның ажалы кісі қолынан болған деп, тергеушілердің айтқанына келіспеді.

"6 қазанға қараған түні балам үйден шығып кетті, жоғалғанынан жарты сағат өткенде теміржол бойында өлі табылды. Ұлымды ақша бопсалағандар өлтірді деп ойлаймын. Оның өмірде алға қойған жоспары бар еді, оны бізге – ата-анасына айтқан", – деді марқұмның анасы.

Ақмола облыстық полициясы президенті Тоқаевтың тапсырмасы бойынша арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын ғана айтып, басқа ақпарат бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG