Accessibility links

Тель-Авивтен 124 қазақстандық арнайы рейспен Алматыға оралды


Израильден 124 қазақстандық эвакуацияланды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:12 0:00

Израильден 124 қазақстандық эвакуацияланды

10 қазан түнде Израильдің Тель-Авив қаласынан арнайы рейспен 124 қазақстандық Алматыға келді. Бортта жалпы 166 жолаушы (Қазақстанның 124 азаматы және 42 шетелдік) болған.

Израильден оралғандарды әуежайдан жақындары күтіп алды.

Air Astana компаниясының ұшағы Израильден Астана уақытымен 16:45-те ұшып шыққан. Ұшақ алдымен Ақтауға қонып, кейін Алматыға келді.
Air Astana әуе компаниясының өкілі қазақстандық ұшақ Израильге барғанда "жағдай айтарлықтай қиын болғанын" айтады.

"Бұл өте қиын қадам болды, бірақ біз бұл рейсті орындағанымызға қуаныштымыз" деді компанияның маркетинг және сату бойынша вице-президенті Әділ Дәулетбек.

9 қазанда Қазақстан қақтығыс болып жатқан Израильден азаматтарын шығарып алу үшін арнайы рейс дайындап жатқаны белгілі болған.

7 қазанда ХАМАС тобы Газа секторынан Израиль аумағына бірнеше мың зымыран атып, қарулы топ шекарадағы аудандарға басып кіріп, кейінгі дерек бойынша, 700-ден астам адамды өлтірген. Көп адамды тұтқындап, кепілге алып, өздерімен бірге алып кеткен. Осы шабуылдан соң Израиль соғыс жағдайына көшкенін ресми түрде жариялады.

Қазір Израиль ХАМАС тобының шабуылына жауап ретінде Газа секторын атқылап жатыр. Газа секторындағы биліктің денсаулық сақтау министрлігі сенбіден бері 830 палестиналық қаза тауып, 4250 адам жараланғанын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG