Accessibility links

Ресейде 60-қа жуық мектепке Украинадағы соғысқа қатысқандардың есімі берілген


Ресей өзіне қосып алған Қырым түбегінің Севастополь қаласындағы №37 мектепте "Қаһармандар кешінде" түсірілген сурет.
Ресей өзіне қосып алған Қырым түбегінің Севастополь қаласындағы №37 мектепте "Қаһармандар кешінде" түсірілген сурет.

Ресейде Украинадағы соғысқа қатысқандардың есімі кемінде 60 мектепке берілген. Олардың жартысына жуығы — Дағыстан аймағында. Мұны "Важные истории" басылымы есептеп шыққан. Мектептің атын өзгерту туралы шешімді әдетте қалалық немесе муниципалды әкімшілік қабылдайды.

Мектептердің басым бөлігіне келісімшарттар бойынша соғысқа баруға келіскен адамдар мен кәсіби әскери қызметкерлердің есімі берілген. "Важные истории" басылымы мобилизация бойынша әскерге алынған азаматтар туралы ақпарат таппаған, бірақ "Вагнер" жекеменшік әскери тобы мүшелерінің есімі берілген мектептер барын анықтаған. Мысалы, Мәскеу түбіндегі Балашиха және Владивостоктағы оқу орындарының атауы өзгертіліп, "Вагнер" жалдамалылар қатарында Украинада соғысып, сонда қаза тапқан адамдардың есімі берілген. Олардың бұл мектептерге ешқандай қатысы жоқ деп жазады басылым.

Дағыстанда – 27, Шешенстан, Татарстан, Тверь және Владимир облыстарында – 3 мектептің атауы өзгертілген. Хабаровск өлкесіндегі Монгохто кентінде "Арнайы әскери операция қаһармандары" деген атау берілген мектеп бар.

"Важные истории" басылымына сұхбат бергендердің бірі үкіметтің ұсынысына сәйкес, оқу орындарына "құрметті адамдардың атын беру – патриоттық тәрбиенің бір түрі" деді. Мектептердің жаңа атауынан бөлек, сынып ішінде "батырлар партасы" қойылған. Әдетте соғыста қаза тапқан түлектер немесе оқушылардың ата-аналарының құрметіне кейбір ғимараттарға естелік тақтайша ілінеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG