Accessibility links

Зеленский НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтеріне барды


Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта) НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірге баспасөз брифингінде тұр. Брюссель, 11 қаңтар, 2023 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта) НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірге баспасөз брифингінде тұр. Брюссель, 11 қаңтар, 2023 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский, Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері Брюссельдегі НАТО-ның штаб-пәтеріне алғаш рет барды.

Бүгін, 11 қазанда Зеленский НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен және АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остинмен келіссөз жүргізіп, соңынан баспасөз мәслихатын өткізді.

Ол бүгін Брюссельде өтетін "Рамштайн" форматындағы Украина одақтастарының кездесуіне, НАТО елдері қорғаныс министрлерінің кеңесі мен Украина-НАТО кеңесінің отырысына қатысады.

10 қазанда Германия қорғаныс министрлігі Украинаға құны миллиард еуроға жуық жаңа "қысқы" әскери көмек көрсететінін жариялады.

Атап айтқанда, Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары, соның ішінде "Пэтриот" және IRIS-T кешендері, 10 "Леопард 1A5" танкісі, 3 өздігінен жүретін "Гепард" зенит қондырғысы, 15 беренді автокөлік берілмек.

Сәрсенбіде Ұлыбритания қорғаныс министрі Грант Шэппс Украинаға 100 миллион фунт стерлингтің жаңа әскери көмегі берілетінін жариялайды деген болжам бар. Бұл көмекке Украина инфрақұрылымы бойынша негізгі нысандарын қорғауға минадан тазарту, техникалық қызмет көрсету және қорғаныс құрылымдарын нығайту құралдары кіруі мүмкін.

Бельгия қорғаныс министрі Людивин Дендондер ел үкіметі Украинаға F-16 жойғыш ұшақтарын 2025 жылдан бастап жөнелте бастайтынын мәлімдеді. Дендондер Бельгияның Украинаға нақты қанша ұшақ беруге ниетті екенін ашып айтпады.

Бұған дейін Батыс елдері Украинаға 50-ге жуық F-16 жойғыш ұшағын беруге уәде еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG