Қырғызстан министрлер кабинеті 10 қазанда Гонконг пен Макаоның кейбір азаматтарына визасыз режим енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде 11 қазанда "Бір белдеу – бір жол" бастамасының он жылдығына орай ұйымдастырылған "Қырғызстан – Қытай" достығы туралы жиын кезінде Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов хабарлады.
Гонконг пен Макао тұрғындарынан бөлек, бұл мүмкіндікті АҚШ, Ұлыбритания, Еуроодаққа визасы бар Қытай азаматтары да пайдалана алады. Ондай азаматтар Қырғызстанда визасыз бір апта бола алады.
Ақпаратқа қарағанда, визасыз режим біржақты тәртіпте енгізілген.
Биыл мамырда Қырғызстан мен Қытай арасында визасыз режим енгізу мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатқаны хабарланған.