Accessibility links

Израиль денсаулық сақтау министрлігі ХАМАС мүшелерін емдеуден бас тартты


Израильде жараланғандар.
Израильде жараланғандар.

Израиль денсаулық сақтау министрлігі Израильге шабуыл жасаған ХАМАС радикалды тобының мүшелерін мемлекеттік ауруханаларда емдеуге тыйым салды. Бұл жөнінде The Jerusalem Post жазды.

Израиль денсаулық сақтау министрі Моше Арбельдің тиісті бұйрығы шыққан.

"Ел басына күн туған шақта денсаулық сақтау жүйесі қанды қырғынның құрбандары, ЦАХАЛ солдаттарын емдеуге толық көңіл бөлуі керек" деді Арбель.

Кейін Тель-Авивтегі ірі үш ауруханалардың бірі ХАМАС мүшелерін қабылдамағаны белгілі болды. Оларды Рамледегі түрме клиникасына жіберген.

12 қазанда таңертең Израиль армиясы ХАМАС-тың тағы екі мүшесі – әскери теңіз күштерінің жоғары лауазымды өкілдері Мұхаммед Әбу Шамалы мен Мустафа Шахинді өлтіргенін хабарлады. Шахин 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге шабуылынан тікелей эфирде хабар таратқан. Израиль армиясының хабарлауынша, Газа секторына түнгі соққының нәтижесінде ХАМАС-тың арнайы күштеріне тиесілі ондаған нысан жойылған.

ЦАХАЛ мәліметінше, ХАМАС шабуылы басталғалы бері Израильде 1500-ден астам содыр өлтірілген.

  • ХАМАС —Израильді мойындамайтын палестиналық радикалды топ. Ол Израиль мен Египет арасындағы палестиналық анклав – Газа секторын бақылауда ұстайды. АҚШ пен Еуроодақ оны террористік ұйымдар қатарына енгізген. 7 қазанда ХАМАС содырлары Израильдің оңтүстігіне шабуылдап, соның нәтижесінде Израильдің 1300-ден астам тұрғыны қаза болған, жүзден астам адам кепілге алынған. Құрбандар мен кепілге алынған адамдар саны белгісіз. Бұған дейін бейбіт тұрғындардың (арасында балалар да бар) ерекше қатігездікпен өлтірілгені жөнінде ақпарат болған.
XS
SM
MD
LG