Accessibility links

Бішкекте Путинді соғысты тоқтатуға шақырған пикет өтті


Путин Қырғызстанға келген күні соғысты тоқтатуға шақырып, пикет өткізген Бақыт Ордобаев. Бішкек, 12 қазан 2023 жыл.
Путин Қырғызстанға келген күні соғысты тоқтатуға шақырып, пикет өткізген Бақыт Ордобаев. Бішкек, 12 қазан 2023 жыл.

12 қазанда Бішкекке Ресей президенті Владимир Путин келген күні қалада соғысқа қарсы жалғыз адамдық акция өтті.

"Тунук-Улук" халықаралық қайырымдылық қорының басшысы Бақыт Ордобаев Азаттықтың Қырғыз қызметіне Украинадағы соғысты тоқтатуға үндеп, алаңға шыққанын, кейін оны полиция ұстағанын хабарлады. Оның қолында Путиннің суретімен бірге "Соғысты тоқтат!" деген жазуы бар плакат болған.

"Адамдардың назарын сол мәселеге аударғым келді. Украинадағы соғыста біздің де жігіттер қаза тауып жатыр. Полицияның айтуынша, пикет заңсыз, өйткені саммит кезінде екі күн бойы акция өткізуге тыйым салынған. Олар мені босатайын деп жатыр, бірақ саммиттен кейін шақырады деп айтты. Плакатты тартып алды" деді Ордобаев.

Қырғыз полициясы Ордобаевты ұстау жөнінде әзірге толық мәлімет бермеді.

Путин сапары аясында Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен екіжақты келіссөз жүргізеді. 13 қазанда Бішкекте ТМД елдері басшыларының кеңес отырысы өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG