Accessibility links

Шымкент мәдениет басқармасының жетекшісі жемқорлық күдігіне ілінді


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғимараты. Көрнекі сурет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғимараты. Көрнекі сурет.

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысы пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлады. Тергеу органдарының болжамынша, шенеунік "еңбек шартын ұзартқаны үшін" және "қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 млн теңге көлемінде пара алған".

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 13 қазан күнгі хабарламасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқа ақпарат жазбаған.

Күдікке ілінген шенеуніктің адвокаттары немесе туыстары аталған мәселеге байланысты ақпарат құралдарына пікір білдірмеді.

Қазақстан билігі жыл сайын жемқорлықпен күресті күшейтеміз дегенімен елде шенеуніктер арасында пара алу, бюджет ақшасын жымқыру фактілері жиі болады. Transparency International халықаралық ұйымының биыл қаңтарда жарияланған жемқорлық индексінде Қазақстан сегіз сатыға төмендеп, 180 елдің ішінде 102-орын алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG