Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы (ПАСЕ) өзіне мүше мемлекеттерді Голодоморды "геноцид" деп танып, қарар қабылдауға шақырды.
Украина президенті Владимир Зеленский мұндай шешімі үшін ПАСЕ-ге алғыс айтты.
2006 жылы Украина жоғарғы радасы Голодоморды СССР басшылығының "украин халқына жасаған геноциді" деп таныған. Ресей билігі мұнымен келіспейді.
Украина билігі Голодоморды геноцид деп ресми тану туралы шешімге жылдар бойы талпынды, соғыс басталғаннан кейін кейбір елдер бұл шешімді қолдады.
2022 жылы – Германия мен Еуропарламент, 2023 жылы Болгария, Бельгия, Ұлыбритания, Франция және Исландия Голодоморды "геноцид" деп таныды.
Голодомор – 1932-33 жылдары СССР құрамындағы Украинада болған оқиғалардың жалпы атауы. Елді жаппай ашаршылық жайлап, миллиондаған адам құрбан болды. Украина тарихы институтының мәліметінше, сол кезде 4 миллионға жуық адам қырылған.
ПІКІРЛЕР