Accessibility links

Ресей қорғаныс министрлігі Қара теңізде атып түсірілген дрондар туралы айтты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

14 қазанда таңертең Ресей қорғаныс министрлігі Краснодар өлкесінде Қара теңіз жағасында украин дрондары атып түсірілгенін хабарлады.

"Ешкім зардап шеккен жоқ. Әуежай мен барлық демалыс орындар қалыпты жұмыс істеп жатыр" деді Сочи мэрі Алексей Копайгородский

Бұған дейін Сочи мен оның маңайында тұратындар жарылыс болғанын хабарлап, видео жариялаған.

"Осторожно, новости" дереккөзінің айтуынша, Олимпиада саябағы мен тіпті қала орталығында жарылыс естілген. Кейбірі әуе дабылы туралы да айтқан.

  • Ресей Украинаға басып кіргелі бері Ресей аймақтарында дронға шабуыл жөнінде 500-ден астам рет хабарланған, деп жазды РБК. Қаза болғандар мен қираған нысандар бар. Ресей қорғаныс министрлігі шабуылды Украина жасағанын айтқан. Киев хабарламаларға түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG