Accessibility links

Ресей әскері Харьков және Донецк облыстарын атқылады


Ресей әскері Донецк облысын атқылағаннан кейін қираған үйлердің бірі, қазан айы 2023 жыл.
Ресей әскері Донецк облысын атқылағаннан кейін қираған үйлердің бірі, қазан айы 2023 жыл.

Ресей әскерінің Украинаның Изюм ауданы Дружелюбка ауылына соққысы нәтижесінде екі адам опат болған, бір адам жараланған. Бұл жөнінде Харьков облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Олег Синегубов мәлімдеді.

Оның сөзінше, өткен тәулікте Харьков облысында Купянск, Чугуевск, Изюм аудандарындағы елді мекендер атқылауға ұшыраған. Атап айтқанда, Волчанскіде атқылаудың салдарынан көп қабатты тұрғын үй бүлінген. Зардап шеккендер жоқ. Ресей әскері Купянск, Лиман және өзге де елді мекендерді де соққылаған.

Донецк облысының Авдеевка елді мекенінде жергілікті биліктің хабарлауынша, өткен тәулікте екі адам опат болған, бірі жараланған.

Донецк облысының әскери әкімшілігінің хабарлауынша, Ресей Украинаға басып кіргелі бері облыста 1740 бейбіт тұрғын опат болған. Жараланғандар мыңнан асып жығылады. Бұл есепке Мариуполь мен Волновахадағы қаза болғандар енгізілмеген.

Херсон қалалық әскери әкімшілігінің хабарлауынша, Ресей әскері маңызды инфрақұрылымдарға әуеден екі рет соққы жасаған. Херсонда су мен жарық тоқтап, қайта қосылған.

Ресей қорғаныс министрлігі әзірге түсініктеме бермеді. Мәскеу Украинананың маңызды инфрақұрылымдарына соққы жасағанын, бейбіт тұрғындарға шабуылдағанын мойындамайды.

БҰҰ-ның мәліметінше, соғыс басталғалы бері Украинада шамамен 10 мың бейбіт тұрғын қаза болған. Бейбіт халық арасында 18 мыңнан астам адам жараланған.

XS
SM
MD
LG