Жексенбі күні президент Ильхам Әлиев Ханкенді (Степанакерт - мойындалмаған Таулы Қарабақтың бұрынғы астанасы) қаласында Әзербайжан туын көтерді. Ол мұнан өзге 19 қыркүйектегі әскери операциядан кейін Бакудың бақылауына оралған Ходжалы, Агдер сияқты өзге де елді мекендерінде Әзербайжан туын көтерген.
Осылайша Әзербайжан Қарабақты толық қайтарып алғанын көрсетті.
Халықаралық құқық бойынша Қарабақ Әзербайжан жері саналады. Негізінен армяндар тұрған. 1990 жылдардың бас кезінде армяндар Таулы Қарабақ республикасын жариялаған, бірақ оны әлемнің ешбір елі мойындамаған. Мұнан өзге армян әскері Қарабақ құрамына кірмейтін Әзербайжан жерін де басып алған.