Accessibility links

Байден: ХАМАС-тың көзі жойылу керек, бірақ Газаны оккупациялау үлкен қателік болады


Ақш президенті Джо Байден (оң жақта) мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Ақш президенті Джо Байден (оң жақта) мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

АҚШ президенті Джо Байден америкалық CBS телекомпаниясына берген сұхбатында палестиналық ХАМАС радикал тобы жойылу керек деп мәлімдеді. Бірақ Байден Израиль Газаны оккупацияласа, "үлкен қателік болатынын" баса айтып, Палестина мемлекетін құру жолын іздеу керек деді.

Бұған қоса Байден "Хезболла" радикал тобы мен Иранды бұл қақтығысқа араласпауы тиіс дегенді меңзеді.

Кеше, 15 қазанда Иран билігі егер Израиль Газаны атқылауды тоқтатпаса Израильмен соғысқа араласуға дайын екенін мәлімдеген.

Ал Израиль ХАМАС-ты Газа секторынан қуып шығу үшін жер үстімен операция бастауға дайындалып жатыр. Тель-Авив Газадағы бейбіт тұрғындарды Египетпен шекара маңына, яғни аумақтың оңтүстігіне эвакуация жасауға шақырған.

Израиль әскерінің мәліметінше, Газаның солтүстігінен жарты миллион адам кеткен. 15 қазанда Израиль Газаның оңтүстігіне су бере бастағаны айтылды.

Бүгін, 16 қазан таңғы 9-да Газа секторы мен Египет шекарасында шетелдіктердің өтуі үшін бекет ашылатынын да айтылды. NBC телеарнасы палестиналық билікке сілтеме жасап, осы бекет арқылы Газаның оңтүстігіне гуманитарлық көмек те кірмек дейді.

ХАМАС-тың бақылауындағы Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі Израильдің шабуылынан қаза тапқандар 2450 адамға жеткенін айтады. Ал Израильде ХАМАС-тың 7 қазаннан бергі шабуылынан 1400-ден аса адам қаза болған.

Израиль билігі The Times of Israel басылымына "ХАМАС әлі 155 адамды кепілде ұстап отыр" деп айтқан.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш ХАМАС тобын кепілдегі адамдарды босатуға, ал Израиль билігін Газа секторына гуманитарлық көмекке кедергі келтірмеуге шақырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG