Accessibility links

Украина Луганск пен Бердянскіде тұрған Ресей әскери тікұшақтарын атқан


Украина қарулы күштерінің стратегиялық коммуникациялар басқармасы 17 қазанда Украина әскері Бердянск пен Луганск түбіндегі аэродромдарда тұрған Ресейдің әскери тікұшақтарын атқанын мәлімдеді. "Атыс нәтижелі болған" дегенмен нақты қорытындылары келтірілмеген.

Украина қарулы күштерінің таңғы мәліметтеріне қарағанда, Ресейдің екі әскери тікұшағы, оқ-дәрі қоймасы мен артиллериялық жүйесі жойылған.

Бұған дейін Бердянск түбіндегі аэродромда жарылыс болғанын жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіге жазған. Ресейшіл "Мариуполь INFO" телеграм-арнасы видео жариялаған. Видео түсірген адам Украина әскері оқ-дәрі қоймасына соққы жасағанын айтқан.

Бердянск Азов теңізінің жағасында, Запорожье облысының Ресей басып алған жерінде орналасқан. Украина әскері майдан шебінен 85 шақырым жерде тұрған қаладағы әскери нысандарды бірнеше рет зымыранмен атқан.

Луганск майдан шебінен алыста болғанымен оған Украина қарулы күштеріндегі Британияның Storm Shadow зымыраны жете алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG