Accessibility links

Қытайда Путин мен Орбан мұнай-газ және атом энергиясы мәселелерін талқылады


Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан (сол жақта) және Ресей басшысы Владимир Путин. Қытай, 17 қазан 2023 жыл.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан (сол жақта) және Ресей басшысы Владимир Путин. Қытай, 17 қазан 2023 жыл.

Қытайдағы форум кезінде Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады 17 қазанда венрг үкіметінің ресми өкілі. Путин мен Орбан табиғи газ және мұнай тасымалы саласындағы екіжақты әріптестік мәселелерін талқылаған. Бұған қоса, екі басшы ядролық энергия мәселесін де сөз еткен.

Виктор Орбан – Халықаралық қылмыстық сотпен Украинадағы қылмысы үшін айыпталған Путинмен кездескен ЕО-дағы алғашқы басшы. Путинмен жылы қарым-қатынастағы Орбан Ресей басшысымен кездесу кезінде "босқындардың ағылуы мен санкцияға тосқауыл қою, әскери іс-қимылдарды тоқтату бүкіл Еуропа үшін маңызды" деп атап өткен.

Азаттықтың Венгр қызметінің хабарлауынша, Орбан Путинмен кездесу кезінде Ресейдің Украинаға басқыншылығын "соғыс" емес, "әскери операция" деп атаған.

  • Путиннің Қытайға сапары – биыл наурызда Халықаралық қылмыстық сот оны тұтқындауға ордер шығарғаннан кейінгі шетелге екінші сапары. Өткен аптада Путин Қырғызстанда болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG